TikTok Қазақстан бас директоры Анастасия Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Директордың айтуынша, Астана мен Алматыда компания кеңселері ашылады.

«Платформада ерекше контент жасайтын музыкант, мұғалімдерді, жас аналарды көреміз. Біз платформа ретінде қоғамдастыққа жақын болғымыз келеді, сондықтан осы күзде Қазақстанда өкілдік ашылады. TikTok мазмұнын барынша қызық және пайдалы ете отырып, білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен көбірек жобалар шығаруға қуаныштымыз. Қазір қосымшаны қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізілуде», – деді Панина.

Компанияның кеңселерін Астана мен Алматыда ашу идеясы Astana Media Week-2022 форумы аясында белгілі болды.

Бұған дейін компанияның вице-президенті Тео Бертрам Digital Bridge халықаралық форумында күзде TikTok Қазақстанда өз өкілдігін ашатынын жариялаған.

Astana Media Week26-28 қазан аралығында үш күнге созылады. 150 отандық және халықаралық спикерлер сөз сөйлеуі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!