Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 240 өкімімен, Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы тағайындалды

.Кете-Төлеби Досымжанұлы – Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай газ», М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Стандарттау және сертификаттау» магистрі, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының «Іскерлік әкімшілендіру» докторы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы «Сәйкестікті растау» бөлімінің маманы болып бастаған.2015-2016 жылдары «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы «Метрология» бөлімінің маманы;2016-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;

2019 жылдың 1 қазанынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!