Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қаңтар оқиғасы кезінде ел алдына шыққан санаулы шенеуніктердің бірі болатын. Ол арада 9 ай өткенде сол кезеңді еске алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Экс-шенеунік Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында «Қаңтар оқиғасы» туралы әлі де көп нәрсе айтылатынына сенімді екенін жеткізді.

Дәл сол тұста басты мәселе тыныштықты сақтау болды. Халық көшеге жиналғанда әкімдіктің алгортимі бар. Алдымен елмен кездесуге Ішкі саясат басқармасының басшысы, қала әкімі, сосын орынбасарым барып сөйлеседі. Олар жағдайдың қиын екенін айтты,

— дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сосын өзі барғанды жөн көреді. Сөйтіп, арасындағы басшыларын шақырып, жеке сөйлесіп, мәселені тыңдамаққа оқталған.

Ол жерде қорқуға уақыт та болған жоқ. Жауапкершілікке алатын сәт туындады. Әкелеріміз кезінде соғысқа да барды ғой. Бұл енді өз еліміз, өз азаматтарымыз. Әріптестерімнің арасында «сіз әйелсіз, бармай-ақ қойыңыз, біз шешеміз» дегендер болды,

— дейді экс-әкім.

Дегенмен ол «Халықтың алдынан өту керек» деген оймен митингке барған.

Бұған дейін сол кезде Гүлшара Әбдіқалықованы қолға түсіруге әрекет жасағандар болғанын жазғанбыз.

Оқи отырыңыздар:

Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың көктемінен бері Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова биыл 7 сәуірде қызметінен босатылған еді.

Қазір ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі болып жүр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!