Экономист Мейрам Қажыкен кезектен президент президент сайлауының үшінші үміткері атанды. Оның кандидатурасын «Аманат» кәсіподақтар достастығы ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейрам Қажыкен – экономика ғылымдарының докторы, профессор, 61 жаста. Кей жылдары Павлодар облысы экономика департаментінде, премьер-министрдің кеңесінде қызмет атқарған. 

Бұған дейін алғашқы болып «Ауыл» партиясының атынан қатысатын кандидат белгілі болған еді. Жигули Дайрабаевты партияластары 30 қыркүйекте таныстырған.

Ал екінші кандидат – Нұрлан Әуесбаев. Оны Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынып отыр. 65 жастағы Әуесбаевті жақтастары үш кандидаттың ішінен таңдап алыпты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!