Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Олжас Сәкенов 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Олжас Сәкеновтің «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК инвестициялық жобалар орталығын басқарды.

Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында қызмет атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!