Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Министр мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады. 

«Ұстаз – ол тек мамандық қана емес, сонымен бірге арнайы ағартушылық миссия. Сіздер күн сайын балаларды білім нәрімен сусындатып, олардың дарындарын ашуға, дұрыс құндылықтарды бойларына сіңіруге көмектесесіздер. Бүгінгі күні еліміздегі білім беру жүйесі – 500 мыңға жуық ұстазымыз еңбек ететін үлкен сала. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент болып сайланғаннан кейін бірден мұғалімдер корпусын қолдау үшін барлық шараны қабылдауды тапсырды. Осылайша 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден, міндетіне жатпайтын функциялардан босатуға жағдай жасалды. Біліктілік санаты, магистратура, сынып жетекшілігі, дәптер тексергені және т.б. үшін әр түрлі қосымша төлемдер енгізіліп, олардың көлемі ұлғайтылды», – деді министр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!