Yenlik лақап атымен танымал жас әнші, ағылшын пәнінің мұғалімі Еңлік Құрарбек қазақ және орыс сыныптарындағы айырмашылық туралы айтты деп жазды turkystan.kz.

«Орыс сыныбындағы балалар ойын ашық жеткізеді. Оларға сабақ ұнамаса, мұғалімге «маған бұл ұнамайды!», «маған бұл қызық емес», «мен мынаны жазбаймын!» дейді. Қазақ сыныбындағы бала оқығысы келмесе оны айта алмайды. Оларға ұрса алатының түрлерінен көрініп тұрады. Қорқып, жиналып қалады. Ол – сыйлау емес, қорқу.

Ал орыс сыныбындағылар нақты не ұнайтынын, не ұнамайтынын нақты жеткізеді. Тіпті, басқаша үйреткенін, түсіндіргенін сұрайды. Қазақ балаларында біреу ұрып жіберетіндей сәл жасқаншақтық бар», – деді ол «Dope soz» ютуб арнасына берген сұхбатында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!