2022 жылдың 20 қарашасындаҚазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар.

Кандидат тумысынан Республика азаматы болып табылатын;

Қырық жасқа толған;

Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;

Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын;

Жоғары білімі бар;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын  жұмыс тәжірибесі бар;

Белсенді сайлау құқығына ие азамат болуы тиіс.

Кандидаттарды республикалық қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 11 қазансағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 21 қазансағат 18:00-ге дейін.