Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осы орайда ол бұл балаларға психологтар да көмектесетінін айтты.

«Бұл жобаны жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық өңірінде енгіземіз», –  деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін айтқан болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!