Қостанай облсы Әулиекөл ауданында жас ұстаздар отбасы жол көлік апатынан қаза тапты. Оқиға орнында олардың сәбилері ғана аман қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ayliekol_qostanai_media парақшасына сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтер бойынша, Әулиекөл ауылынан жас жұбайлар анасы мен бір жасар баласымен бірге Амангелді ауданына Chevrolet Cobalt көлігімен құдалыққа жолға шыққан.

Ақсай бұрынғы Бұйректал ауылының маңындағы тас жолда жеңіл және ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 27 жастағы жүргізуші оның әйелі және анасы қаза тапты. Сәбиі ғана аман қалды.

«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полицейлер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!