Қазақстанның басым бөлігінде 5 маусым күні жауын-шашын күтілмейді. Жаңбыр мен найзағай негізінен елдің солтүстік және жекелеген батыс өңірлерінде болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы және тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтөбеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.
Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Күндіз желдің екпіні артады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Павлодарда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Петропавлда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Семейде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Талдықорғанда жауын-шашын болмайды. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Таразда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.
Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.
Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
