Қуаныш Жанұзақов облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қуаныш Қуантқанұлы 1982 жылы дүниеге келген.

2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің
іс тіркеушісі ретінде бастаған.

2007-2013 жылдары – Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, 2013 – 2014 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы,
2014 – 2016 жылдары – Арал ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2018 жылдары –  Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2018-2020 жылдары облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жауапты қызметтерін атқарған.

 2020 жылдың наурыз айынан осы кезге дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!