Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы 3 мамырдағы өкімімен Сырлыбаев Дінмұхамбет Мұратбекұлы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Дінмұхамбет Мұратбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылысшы мамандығы бойынша білім алған.Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда қалалық тұрғын үй иснпекциясы» ММ-де инспектор қызметінен бастаған.2015-2018 ж.ж. «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-де бас маман; 2018-2020 ж.ж. «Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де бас маман;2020-2022 ж.ж. «Қызылорда қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;2022 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де бөлім басшысы қызметін атқарып келді.Отбасылы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!