Қызылорда қаласында жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті. Оқиға бүгін, 18 қазанда Қызылорда қаласындағы «Астана» шағынауданында орналасқан автобус аялдамасында болды.

Сағат 10.51 кезінде төтенше жағдайлар қызметіне автобустың жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына №4 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Мамандар барған сәтте қалаішік №21 ,f5lfhls автобустың толығымен жанып жатқанын анықтады. Оған газ орнатылғаны белгілі болды. Сағат 11.07-де оқшауландырылып, 11.09-да толығымен сөндірілді. Көлік жүргізушісінің құжаттары толығымен жанып кеткен. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қорада тұрған 5 бас мал мен мың бума шөп өртеніп кеткен еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!