№173 сайлау учаскесіне сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендер де бар.


Олар сайлау бөлімшелері ашылған сәттен бастап, өз таңдауын жасады. Айтмағанбет Нұрасыл үшін 20 қараша ерекше күн болды. Өйткені ол алғаш рет сайлауға қатысты. 18 жасар студент, ел болашағы үшін дауыс беруге келгенін айтты. Тіпті толқып тұрғанын да жасырмады. Нұрасыл алғашқылардың бірі болып №173 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.


«Шынымды айтсам, сайлауға бірінші рет қатысқандықтан өте қатты толқып тұрмын. Мен үшін бұл жауапты таңдау, өйткені өзімнің сайлау құқығымды пайдаландым», – деп пікірімен бөлісті Айтмағанбет Нұрасыл.


Дауыс беруге алғаш рет қатысқан Айтмағанбет Нұрасыл кәдесыйға ие болды.