Германияның 18-ге енді толған азаматтары театр, музей, көрмеге бару және кітап алу үшін мемлекеттен жәрдемақы алады. Осылайша билік елдің өнер саласына, әсіресе карантин кезінде зардап шеккен ұйымдарға көмектеспек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымының хабарына сүйеніп. Жәрдемақының атауы – Kulturpass немесе мәдениетке арналған абонемент. Оның сомасы 200 еуро болады. Енді ғана ересек болған әр неміс оны екі жыл ішінде мәдениет орталықтарына баруға жұмсай алады. Жастар ваучерді музей, театр, көрме, концертке билет сататын сайттан басқарып отыра алады.

2023 жылы қаражатты 750 мың адам ала алады, дейді Германияның мәдениет министрі Клаудия Рот. Жалпы, осы бастамаға ел билігі 100 миллион еуро жұмсамақ.

The Guardian-ға сенсек, мұндай шара Франция, Италия мен Испанияда бұрыннан бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!