Егер әйелдің орташа айлық табысы 490 мың теңгеден асса, онда тек жеті ең төменгі жалақы ғана есепке алынады. 

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап максималды декреттік төлем 1 852 200 теңге болады.

Декреттік демалысты тағайындау

Жүктілік және босану бойынша демалыс (декреттік демалыс) ҚР еңбек кодексіне сәйкес рәсімделеді. Жүктіліктің алғашқы апталарынан бастап болашақ аналар әйелдер консультациясында есепке алынады, онда оларды дәрігер бақылайды.

Декреттік демалыс пен әлеуметтік төлемдер алу үшін жүктілік және босану бойынша аурухана парағы болуы тиіс. Оны акушер-гинеколог немесе дәрігер мен бөлімше меңгерушісі береді. Содан кейін ол парақта жазылған мерзімді көрсетіп, жұмыста өтініш жазады. Өтініш пен аурухана парағының көшірмесі негізінде декреттік демалыс туралы бұйрық шығады. 

Декреттік демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап тағайындалады, тек ядролық сынақтарға ұшыраған аумақтардың  тұрғындары үшін – 27 аптадан бастап.

Декреттік демалыс 126 күнге созылады: босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн. Алайда босану барысында асқынулар байқалса, декреттік демалыс уақытын ұзартуға болады.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажет құжаттар

Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны алу үшін туу туралы куәлікте көрсетілген туған күнінен 12 айдан кешіктірмей құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру керек.

Құжаттар тізімі:
•    өтініш;
•    жеке басын куәландыратын құжат;
•    баланың туу туралы куәлігі не туу туралы актілік жазбадан үзінді;
•    банк шотының нөмірі.

Оны онлайн режимінде egov.kz арқылы да беруге болады, ол үшін Басты – Азаматтарға – Отбасы – Қамқоршылық – Қолдау алгоритмін қолдану керек.

Егер баланы асырап алса, онда қосымша қорғаншылық немесе қамқоршылық органы берген сот шешімінен үзінді көшірме қажет. Баланы асырап алғанын растайтын құжат қажет. Егер құжаттарды үшінші тұлға тапсырса, нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.

Біржолғы декреттік төлемдерді алуға қажет құжаттар
•    өтініш;
•    жеке басын куәландыратын құжат;
•    жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
•    банк шотының нөмірі.

Жеке кәсіппен айналысатындар жеке кәсібінің мемлекеттік тіркеу туралы құжат пен салық төлеушінің дербес шотынан есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірме әкелуі тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!