Интернетте ұзату тойындағы бейнежазба жұрт назарына түсті. Онда қарындасын мейіріммен он ағасының құтты орынға шығарып салғанын көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда қазақи көйлек киген қыз баласын байқайсыз. Тойхана ішінде ұзату тойы өтіп жатыр. Видеоның ерекшелігі сол бойжеткенді құтты орынға шығарып салған ағаларының әрекеті. Олар кезек-кезек қарындасын құшақтап, қолына гүлін ұстатуда.

10 ағасы жалғыз қарындастарын ұзатты,

— деп жазылған бейнежазбаға.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!