Жамбыл ауылы «Алматы-Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында орналасқан. Күн сайын мұнда жүздеген жеңіл және жүк көліктері жүреді. Тұрғындардың айтуынша, «Бейбітшілік» көшесі көп жылдар бойы жөнделмеген.

«Көктем мен күзде бұл жерден өте алмайсың. Жедел жәрдем де, такси жүргізушілері де жете алмайды. Жолдың нашарлығынан өзімізге де, балаларға да бірнеше рет аяқ киім сатып алуға мәжбүрміз. Әкімдік тарапынан ешқандай әрекет жоқ және бұл наразылық белгісі – жергілікті билік үшін ескерту», – деді ауыл тұрғындары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!