Astra Rocket зымырантасымалдағышының Канаверал мүйісінде орналасқан ғарыш айлағындағы (Флорида, АҚШ) сынамасы сәтсіз аяқталды.

Аталған зымыранды SLC-46 ұшыру алаңында кеше, 12 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.43-те ұшырып, тікелей эфирден көрсетті.

Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажырап қалған. Соның салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады.

Зымыранның пайдалы жүктемесі бар екінші сатысы жоғалып кеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!