Бұған дейін құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.

Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді. 

Іздеу объектісі – толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады. Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды. Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!