«Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және облыстық «Жастар орталығымен» бірлесе ұйымдастыруымен республикалық интеллектуалды сайыс өтеді.

Сайыс ережелері:

Шара оффлайн түрінде Қызылорда қаласында өтеді;

– Сайысқа 14 – 29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады;

– Ойынға команда ретінде қатысады;- Бір командада 4 адам, (ұл, қыз аралас) болады және командаға капитан белгіленеді;

– Команда капитаны жаңалықтардан хабардар болуы үшін ұйымдастырушылармен құрылған уақытша ватсап чатка косылады;

– Әр команданың өзіндік атауы болуы қажет (20 қарашаға дейін белгіленіп, ұйымдастырушыларға жолдануы керек);

– Әр команданың киім үлгісі бірдей болуы ұсынылады (атауы жазылған бір түсті футболка болуы ұсынылады);

– Ойын барысында қатысушылардың ауысуына тыйым салынады;

Ойын барысында электронды гаджеттерді, яғни смартфон, планшет, смарт сағаттар, ноутбуктер, ұялы телефондарды қолдануға тиым салынады;

Республикалық сайысқа аймағымыздың және басқа өңірдің жастары команда ретінде қатыса алады.

Жүлде қоры 300 000 тг.?Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефондары:+7 708 807 17 71; +7 778 610 15 65 – Талғат Меңдібай, Талғат Тілес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!