​Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов Ақжарма ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындарға жаңадан сайланға ауылдық округ әкімін таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, 18 желтоқсан күні Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Сайлауға өзін-өзі ұсынған үш кандидат қатысты. Округ бойынша 1301 сайлаушының 1172 өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысы бойынша Саттар Әбдіреев 948 (82,87 пайыз) дауыс жинады.

Әбдіреев ​Саттар Бейбітұлы 1976 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Әр жылдары түрлі салаларда басқарушылық қызметтерді атқарған. 2022 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін «Байқоңыр» ӘКК жетекші менеджері болып жұмыс істеген.

​Жиында қалалық сайлау комиссиясынның төрағасы Әбдіқадыр Ергешбаев жаңадан сайланған әкімге куәлік табыстады. Шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы округ әкімі Саттар Бейбітұлына елді мекенде кәсіпкерлікті дамыту, салық базасын ұлғайту, газдандыру жобасына және амбулатория құрылысына қажетті құжаттарды рәсімдеу, жайылымдық жерлерді дайындау, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша кешенді шараларды әзірлеп, оны жүзеге асыруды тапсырды.

Жаңа қызметке кірісіп, нақты мақсат-жоспарларды жүзеге асыруға талап қылып жатқан азаматқа сәттілік тілейміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!