Асхат Аймағамбетов премьер-министр болсын – халық

Фото: Informburo.kz

Халық оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың отставкаға кеткеннен кейін келесі лауазымы қандай болатыны туралы сөз халық арасында қызу талқыға түсті.

Журналист Рауан Қабидолдин, журналист Әнуар Бірімжанов және Әділетті Qazaqstan тобы Facebook-тегі парақшаларында осы туралы сауалнама ретінде жазба жариялаған болатын.

Қарапайым адамдар бұндай шешімді қос қолдап қолдайтындарын жеткізді.

«Болсын, қолдаймыз!, Дұрыс болар еді. Асхат бауырымыз өте мәдениетті министр, білімді де жоғары, білікті. Жүзі жылы, сабыр иесі, оның үстіне қарапайым. Халықшыл азамат, биікті бағындыратынына кәміл сенімдемін. Лайықты жан, қолдаймыз! Жақсы болар еді, білімді жігіт, ең маңыздысы қазақи азамат! Осы орынға лайықты тұлға!» деп жазды жұрт желіде.

Еске салсақ, Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі лауазымынан отставкаға жіберілген болатын. Оның орнына Аймағамбетовтың орынбасыр болған Ғани Бейсембаев тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!