Қалалық білім басқармасы мұны жазбаша түрде растап, 12 және 13 қаңтарда мұғалім денсаулығына байланысты сабаққа қатыспағанын түсіндірді. Бұған дейін екі күн облыс орталығының барлық мектептері ауа райына байланысты қашықтан оқыды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы осы жағдайдан кейін оқушылардың денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін, сабақта үш күннен артық болмаған жағдайда олар учаскелік дәрігердің анықтамасымен ғана сабаққа жіберілетінін хабарлады.

Науқаспен байланыста болғандарға медициналық бақылау орнатылды, барлық оқушылардың жеке медициналық карталары және оқытушылардың санкітапшалары тексерілді.

«Дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, кабинеттерді күнделікті тазалау және жалпы тазалау ерекше бақылауға алынады. Санитарлық-ағарту жұмыстары аясында дәрістер мен әңгімелер өткізілуде. Қазіргі уақытта басқа науқастар жоқ”, –делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ведомоствосында.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген вирустық гепатит және АИТВ-инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес А гепатитін жұқтыру жағдайы анықталған кезде мектеп карантинге жабылмайды. 

А вирустық гепатиті – лас тамақ пен су арқылы таралатын бауырдың жедел инфекциялық ауруы. ДДСҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын шамамен 1,4 миллион адам А гепатитімен ауырады, көбінесе бұған әлеуметтік-экономикалық дамуы төмен елдердің адамдары шалдығады.

Естеріңізге салсақ, 17 қаңтарда Атырау қалалық мектептердің бірінің директорына «ашық туберкулез» диагнозы қойылғаны хабарланды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!