Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатында екі мәрте күміс алған Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта жартылай финалда тәжікстандық Мухаммад Аброридиновпен қолғап түйістірді.

Қарсыласының ұзын болғанына қарамастан, Қамшыбек дәл шабуылдап, өзінің шеберлігі басым екендігін анық таныта білді. Қазақстандық боксшының жеңгеніне төрешілер де еш күмән келтірген жоқ – 5:0.

Тағы бір қазақстандық Сағындық Тоғамбай 86 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Одаи Рияд Адеальхиндавимен қолғап түйістірді.

Бұл бәсекеде төрешілер жеңісті шаршы алаңның иесіне берді – 5:0.

С.Тоғамбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, күндізгі сессияда жеті боксшының бесеуі финалға шықты. Оған қоса кешкі сессияда шығуы тиіс Серік Теміржанов та бокстаспастан жолдама иесі атанды.

Кешкі сессияда тағы төрт боксшы өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай және тағы 3 боксшы финалға шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!