«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


«Болашақ» университеті студенттерін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Білім алушы 2022-2023 оқу жылына 50 пайыз төлегенде ғана ауыса алатындығын ескертеміз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2-академиялық кезеңнің оқу ақысы (мөлшері) «Болашақ» университетінің оқу ақысы көлемінде сақталады.

Әрбір білім алушы өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын, көшірмесін, скоросшиватель, конверт ала келуі қажет.

13-14.01.2023 – 16.01.2023ж. күндері сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін 19, 21/2, 20/3 оқу топтарынан,
17.01.2023 – 19.01.2023ж. күндері сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін 20, 22, 21/3 оқу топтарынан,
20-21.01.2023 – 23.01.2023ж. күндері сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін 21, 22/3, 22 оқу топтарынан,
24.01.2023 – 26.01.2023ж. күндері сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін 22/2, 22, магистратураның оқу топтарынан құжат қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша жауапты топ тәлімгерінен аласыздар.

Қабылдау күндерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

Құжат қабылдау орны: «Болашақ» университетінің 6-қабаты, 606А кабитеті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!