Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалалық мәслихаттың отырысында келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25%-ға артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Келесі жылы педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. Келесі жылы 32-33 мың педагогтың жалақысы 25% – ға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 млрд теңге қарастырылған. Егер 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 320 мың теңгеге дейін артады», – деді ол.

Сондай-ақ, келесі жылы кітапханашылардың, Техникалық персоналдың және білім беру саласының басқа да қызметкерлерінің жалақысын 22%-ға арттыру айтылды.

Taulik.kz