Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен облыс бойынша жоғары, тех­ни­калық және кәсіптік білім беру ұйымдарын­дағы жастардың қатысуымен «ТОП-20 студент» жобасының марапаттау рәсімі өтті.

Дарынды жастарды қолдау, жоғары, техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымдарында білім-білігі мен талантының арқа­сында табысқа жеткен үздік студенттерді анықтау сайысына 60-қа жуық студент қатысып, өзара бақ сынаған болатын. Жоба қорытындысымен аймақтық, ұлттық және халықаралық Worldskils чемпионаттарының, кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары, спорттық жарыстардың, түрлі конкурстардың, олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары атанған 20 студент үздік деп танылды.

Оларды облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров марапаттады. Студенттік шақтың адам өміріндегі ең маңызды кезең екенін айтып, берілген әр мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!