Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Клуб басшысы Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметтен кетуді шешкені айтылды.

«Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жылдың ішінде Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

«Ордабасы» ұжымы атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта табысының артып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілек білдіреді», – делінген футбол клубтың мәліметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!