Қарты бар ел – қазыналы ел. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен мәдени-рухани дамуына қарттарымыздың де қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан қарияларымызды әрқашан ардақтап, денсаулығына аса мән бергеніміз абзал.

Осы мақсатта, облыстық жастар ресурстық орталығы және «Қазақстан медицина жастары» РҚБ бірлесе ұйымдастыруымен №1 «Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қарттарына медициналық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, дәрігерлер әрбір қартпен кездесіп, психологиялық кеңес беріп, одан әрі, терапевт, онколог, невропотолог мамандар жәрдемдесті.

Облыстық жастарресурстық орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!