Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, экономист Рахым Ошақбаев «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын таныстыру барысында еліміздегі қарыз алушылар қайтыс болғаннан кейін кредиттік борышты мұра ету тәжірбиесінен бас тарту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстанда несие басты мәселелердің біріне айналып барады. Елімізде барлық ниет білдірушілерге несие алу қолжетімді. Ал дамыған елдерде бұндай несиелік қарыздар тек қайтара алатындарға ғана беріледі.

“Біздің қарыз құлдығынан шығуымыз мүмкін емес секілді. Себебі қарыздар мұраға қалады. Қарыздарды мұраландыру Қазақстанда кімдер жақсы өмір сүретінін және барлық заңдар кімнің пайдасына жұмыс істейтінін көрсететін айқын тәжірибе», – деді Ошақбаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңда несиелерді мұраландыру практикасынан бас тартуды ұсына отырып.

Ол сонымен қатар елдегі халықтың барлығына несиенің қолжетімді болуы үкіметтің және осы жылдар бойы елдің экономикалық саясатымен айналысқандардың өрескел қателігі екенін атап өтті.Рахым Ошақбаев несиелеудің ең жоғары мөлшерлемесін 56%- дан қайта қаржыландырудың салыстырмалы пайызына дейін төмендетуді ұсынды.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы жетінші шақырылымның үшінші сессиясында қаралады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!