Тағы бір маңызды жаңалық – қиын жағдайға тап болған отбасылардың балаларын балабақшаларда тегін тамақтандыру. Елімізде балабақшалар тегін, бірақ олардың тамағын ата-аналар төлейді. Бұл айына шамамен 10-15 мың теңге. Кей санаттағы отбасылар бұл соманы көтере алмайды. Сондықтан қиын жағдайдағы отбасылар үшін балабақшада тамақтануды бюджет есебінен төлеу жоспарланып отыр. Біз үшін барлық баланың балабақшаға барғаны өте маңызды, өйткені олар дұрыс күтімді, тамақтануды және әлеуметтенуді қажет етеді. Бұл әлемнің санаулы ғана мемлекетінде кездесетін үлкен қолдау болмақ.

Асхат Аймағамбетов Nur.kz порталына берген сұхбатында

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!