АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 0-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛАДЫ

Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 03 ақпан күні қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз!

«Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынының Қызылорда облысы бойынша филиалының 2023 жылғы 02 ақпандағы Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) кей көктайғақ, тұман күтілуде. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!©Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!