Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Арай тұрғын ауданына берілетін ауыз су сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылдың желтоқсан айында «Арай» су алу құрылымының 1000м3 болатын 4 дана таза су резервуарлары тазаланып, резервуар ішіндегі құбырлары ауыстырылып, жуып-шаю, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда «Арай-2», «Арай-3» тұрғын ауданына баратын кварталаралық д-160мм-к жүйелерге жуып шаю, тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.

Осы іс-шара 2023 жылдың қаңтар айының 10-11 жұлдыздарында күндізгі сағат 10:00 ден кешкі сағат 17:30 –ға дейін жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты «Қызылорда су жүйесі» әкімшілігі осы мөлтек аудандардың тұрғындарына жоспарланып отырған іс-шараға түсіністікпен қарап, жуып шаю, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін пайдалану алдында ауыз суды ағызып барып пайдалануды сұраймыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!