Ер адамдар кептерлерді аулауға тырысқан.

Оқиға 28 қаңтарда Қызылорда облысының Сырдария ауданында болған. Бұл туралы Facebook парақшасында тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке жазды.

«Сырдария ауданында Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің төбесі құлады. Ғимарат ескі емес. 28 қаңтарда түнгі сағат 23:00-де мектеп электригі досын шақырып, кептер аулау үшін шатырға шығады. Алайда үш қабатты ғимараттың төбесі опырылып, содан біреуі жертөлеге құлап, мерт болды», – деп жазды ол.

Сырдария ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің ресми жауабында осы факті бойынша ауданның полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жазды.

«ҚР ҚІЖК-нің 204-бабына сәйкес тергеу жариялауға жатпайды», – делінген жауапта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!