Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 азамат жеткізілді, деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.

Әлеуметтік желіге қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтары және жедел-тергеу тобы төбелесті тоқтатты. Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер болмады. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!