Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында теннистен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық Ерасыл Ерділда қола жүлдені иеленді.

Жасөспірімдер арасында өнер көрсетіп жүрген Ерасыл өзінен 4-5 жас үлкен спортшылармен кездесіп, ІІІ орынға ие болды. Жарыстарға қатысу үшін оған Қазақстан теннис федерациясының 2 мың доллар гранты берілді.

Бұл оның ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Ерасыл Ерділда Қазақстанның әр өңірінен 74 спортшы қатысқан сайыстың ең жас спортшысы болды.

«Қазақстан чемпионатына жоғары деңгейде дайындалдым. Ұзақ үзілістен кейінгі бірінші алған жүлдем болды. Сол үшін де сайыс тартысты өтті деп ойлаймын. Бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеттім. Финалда 21 жастағы шымкенттік Достанбек Ташбулатовтан ұтылып, үшінші орынға ие болдым. Соған қарамастан, қола жүлдені иеленгеніме қуаныштымын. Бұл – менің ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жүлдем», – дейді Ерасыл Ерділда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!