«Сот кабинеті» – Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды, хаттарды жіберу үшін арналған тиімділігін дәлелдеген сервис.

Осы сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына өтуге болады.

«Сот кабинеті» азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Сот кабинетінің» қызметтерін пайдалану үшін сот ісіне қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, сол арқылы «Сот кабинетінде» тіркелу қажет.

«Сот кабинетіне» қол жеткізу үшін сервистің басты бетіндегі «Тіркелу» батырмасын басу керек. Сот ісін жүргізу бөлімде пайдаланушыда талап арызды (арызды), апелляциялық/кассациялық шағымды, өтінішхатты, сот отырысы хаттамасына ескертулерді, қарсы талап, пікір және т.б. беру мүмкіндігі бар.

«Сот ісін жүргізу» бөлімінің сервистері:

– Талап, ерекше талап, ерекше іс жүргізу арыздары;

– Сот актілерін қайта қарау;

– Іс бойынша құжаттар;

– Төлем чегін тексеру.

Хаттарды жіберу бөлігінде сот ісін жүргізуге және азаматтардың Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес өтініштеріне қатысы жоқ хаттарды сот органдарына жолдауға арналған. Осы ретте пайдаланушыға хаттың жеткізілу және заңнамамен белгіленген мерзімде жауап алу кепілдігі беріледі.

Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен бекітілген өтініштерді беру үшін пайдаланушы «Өтініш беру» бөлімін таңдап, электрондық өтініш нысанын толтырады.

Жылдан жылға «Сот кабинеті» сервисіне толықтырулар енгізіліп, қызмет сапасы артып келеді.

Мәселен жуырда, «Сот кабинеті» сервисінің жаңа нұсқасында азаматтық және әкімшілік істер бойынша «Танысу» функционал – модулі іске қосылды.

«Сот кабинетінде» авторизациядан кейін модуль қатысушы тараптарға істің материалдарымен танысуға мүмкіндік береді. Іс материалдарына түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сот ісін қараудың барлық уақытында қол жеткізуге болады. Пайдаланушы сот талқылауына қатысушы ретінде болмаған жағдайда, қол жеткізу мүмкіндігі іс тарапының арызы бойынша сотқа беріледі.

Жаңақорған аудандық сотының бас маман-аға сот приставы Асылжан Алмасов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!