Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түп нұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету болып табылады.
«Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде қолданылады.
Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді, оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.
Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері, нысаны және нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімдемесі Стандартпен реттеледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің кеңсесі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ҚР ЖС СҚҚД кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл қызмет елімізде 2001 жылдан бастап көрсетіліп келеді. Ал, апостильденген құжат 112 мемлекеттің аумағында жарамды болып саналады.
Апостильдің мәтіні: апостиль берген мемлекеттің атауы, қойылатын құжатқа қол қойған тұлғаның тегі, оның лауазымы, қолы, құжатты мөрмен/мөртабанмен бекіткен мекеменің атауы, қаланың атауы, апостиль қою күні, нөмірі, апостиль қойған мекеменің мөрі деректемелерінен тұрады.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн – әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш төлем жасалады. Төлем Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне төленеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Жаңақорған аудандық сотының бас маманы А.Нысанбаева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!