Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік қатаң.
Бұл тұрғыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», – деді. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Ал, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың, оларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін, лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.
Жалпы, жемқорлық дендеген ортада жаңашылдық болмайды, көлеңкелі істер кез келген саланы құлдыратып, кері кетуге алып келеді. Мұндай жағдайда сапалы қызмет, сындарлы жұмыс, оң нәтиже күту мүмкін емес. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – әрбір ұжым, бүкіл халықтың ортақ міндеті болуы тиіс.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Бисембаева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!