Атырау облысы Құрманғазы ауданында аудандық мәслихат депутаты 63 жасқа толуына орай сыйлыққа жылқы аламын деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше сыйлық ретінде берілген жылқы жануарының Мемлекеттік туға «оралғаны» бүгінде барлық әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Олардың көпшілігі ауыл тұрғындарының туған күн иесіне деген құрметі шектен шыққандық екенін айтуда.

Жағдай туралы аудандық әкімдік түсініктеме берді.

«Бұл сыйлық ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестігі атынан, сондай-ақ Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округі тұрғындарының атынан берілді. Туған күн иесіне құрмет ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының элементтері бар арнайы шапанмен жабылды. Бұл шапан үй жануарлары дүкенінен сатып алынғанын ескертеміз”, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!