Жасөспірімдердің әрекеті жазылған видео әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше тексеріс кезінде 13 және 15 жастағы жасөспірімдер анықталыпты.

“Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі”, – делінген полиция хабарламасында. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі “Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!