Талдықорғанда Жетісу университетінің студенттері коменданттың үстінен арызданып, күдікті ұсталды.

Арызданушы студенттердің сөзінше, жатақхана коменданты оларға айфон телефонын алу үшін несие рәсімдеткізіп, несиені төлемей қойған. Қазір осы іске қатысты полиция күдіктіні анықтап, сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.

«Осы факті ҚР ҚК 190 бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде 41 жастағы әйел ұсталды. Ол расымен студенттердің жатақханасында комендант болып жұмыс істейді. 11-қазан күні күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу органы 10 студент пен 2 жатақхана қызметкерінен түскен арыз бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 14,7 млн теңге. Бірақ күдікті денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Қазір ол ауруханада жатыр»,- деп түсіндірді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазір полиция күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!