Алматыда билік өкілдерін қорлау фактісі бойынша айыпталған әнші Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оған Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады» деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.
«Сотталушы Әлиханов (Төреғали Төреәлі – ред.) Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, одан жәбірленушілер пайдасына 17 мың теңге және сот шығындарына 19 мың теңге өндірілсін», – деді судья.
Сот үкімі бойынша оған бұлтартпау шарасы таңдалып, 40 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді.
«Сот қаулысымен ол (Төреғали Төреәлі – ред) 40 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді», – деп хабарлайды Алматы қаласының соты Facebook-тегі ресми парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!