Ақтөбе облысында өз отбасын пышақтап тастаған мектеп директорына қатысты тың мәлімет пайда болды. Күдіктінің қан-жоса болған әйелі – жүкті. Ол да күйеуі басқарған мектепте мұғалім, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Жаңақоныс ауылында отбасында болған жанжал жантүршігерлік жағдайға ұласқан. Ауыл мектебінің директоры әйелі мен 8 жастағы өгей қызын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Абырой болғанда екеуі де аман. 37 жастағы күдікті қамауға алынған. Қылмыстық істі облыс прокуроры өз бақылауына алды.

«Кінәлі адамға қатысты полиция органымен 24-бабы 2-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Яғни, жүкті әйелді және кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу дерегі бойынша. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды», – дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары Темір Бекетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!