Бұхарада бастауыш мұғалімі үй тапсырмасын нашар орындағаны үшін сыныптағы барлық оқушыны ұрып-соқты. Видео кадрлары желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz порталына сілтеме жасап. видео кадрларынан мұғалімнің қатарларды аралап, оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп жүргенін аңғаруға болады. алайда ол дұрыс орындамағандардың құлағынан, бетінен, желкесінен ұрып, шаштарынан тартып, соққан.

депутат расул көшербаев өзбекстан халық білім беру министрлігі мен басқа да ведомстволардан жағдайды бақылауға алуды сұрады.

кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!