ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Облыстағы ағымдағы жағдай туралы өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Оның хабарлауынша, осы жылдың 11 айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны жоғары болды.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,5%-ға, ал инвестициялар тарту қарқыны 31,3%-ға ұлғайды. Облыста 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, 366 км автожол жөнделді және 604 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!