Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтіпті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды.1993-1994 жылдары – бас прокуратураның жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, осы басқармада банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы болған.Ал 1994-1996 жылдары президент әкімшілігінің заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі болды.1996-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997-2001 жылдары – ҚР бас прокурорының аға көмекшісі – әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы басқарманың бастығы, бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болыпты.2002-2003 жылдары Павлодар облысының прокуроры.
2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрінде, ал 2005-2007 жылдары – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерінде болды.2006-2007 жылдары – «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары – IV сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты. 2012 жылы қаңтар-қыркүйек – V сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты. 2012-2017 жылдары ҚР бас прокурорының орынбасары, бас прокуроры, 2017-2022 жылдары ҚР Жоғары сотының төрағасы болған.Ол «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!