Есірткі- адам баласының жауы, өміріндегі нашар таңдаудың  бірі.  Есірткіге жоқ дей алмаған адам, барлығына жоқ дейді. Яғни болашағын байлап, өзін қамауға алып, мәңгілікке құлыптап тастайды. Сол себептен есірткінің торына барынша түсуден сақ болып, тіпті ойымызға да алмау ең тиімді әрекеттің бірі. Бізге бір ғана рет берілетін осындай тамаша өмірде денсаулығымызды қоқыспен былғамай таза ұстау бір ғанибет емес пе?! «Дені саудың, жаны сау». Денсаулықты таза ұстау үшін есірткіден аулақ болу маңызды. Себебі ол адам бала үшін ең үлкен қоқыс. Денсаулықты қадағалау – өмірге келген әрбір адамның міндеті. Бала кезден ата-анамыз  денсаулығымызды жақсы күтуге тәрбиелеп, дұрыс тамақтануға, жаман әрекеттермен оны нашарлатпауға үйретеді. Ал есейе келе адамдар өзіне берілген сыйға қиянат жасап, өзін жаман әдеттерге итермелеп есірткіге жоқ дей алмай жатады. Әрине, оған қоғамның да тигізер әсері зор. Қазіргі таңда, шылым  шегіп, ащы су мен есірткіге құмар адамдар көбейген. Осындай нашар адамдарға еліктеп, ол нәрселердің зиян екендігін біле тұра әуестеніп, өздерін керемет адамдарша сезінеді. Жанындағыларға насихаттап, оны барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Бұл әдеттер  кейбірінде мектеп жасында пайда болуы мүмкін. Себебі, мектеп жасындағы балалар көп нәрсеге құмартып, барлығын байқап көргісі келеді. 

Ал кейбір балалар  жанындағылардың  күш көрсетуімен теріс жолға түсіп жатады. Бұл уақытта олар есірткіге әуестенбейді, барлығын темекі шегуден   бастайды. Ал, темекінің құрамында, есірткіге құштарлықты оятатын белгілі бір заттар бар. Осыдан соң, жаман нәрселер өздеріне тартып, құмарлыққа итермелейді. Мектеп жасындағы балалар ата-аналарынан қорыққандықтан жасырынып жүреді. Ендігі ол нәрселерден бас тарта алмайтын уақыттарда өз баласынан жағымсыз әрекеттерді байқаған ата-ана баласын бұл  тордан құтқара алмайды. Осылайша, темекіге, есірткіге, ащы суға әдеттеніп, өмірін сол нәрселерге арнаған бала қараңғылыққа жол бастайды. Жаман заттарға құмар адам айналасына да зиянын тигізе бастайды. Жанындағыларға насихаттап, оны барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Осылайша зиянды заттарға тәуелді адамдар көбейе береді. Бұл қазіргі таңда қоғамдағы ең күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сол себептен келешегімізді ойлар болсақ, есірткіге жоқ деуді үйренейік.

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 3 курс студенті Кеңесбек Ақбота Мейрамбекқызы                                

                                                       #есірткігеқарсы, #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!